30.3я73
М 37
Мәшеков, С. Ә.
Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы [Мәтін] : оқулық. 3-бөлім / С. Ә. Мәшеков. – Алматы : Альманах, 2017. - 349, [1] б.
Оқулық Мемлекеттік білім беру стандартының техникалық мамандықтарға «Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы» жалпы пәні бойынша білім беру талабына сәйкес жазылған.
Машинажасау тетіктерін жасаудың барлық өңдеу сатылары толық қаралған (кеннен тетік бетін өңдеуге дейін).
Бірінші және екінші бөлімдерінде металдар мен қорытпалардың кристалдық құрылымы, кристалдану процестері, пластикалық деформация мен рекристаллизация процестері, құрылымдық материалдардың түрлері мен қасиеттері, айтылған қасиеттерге термо-механикалық және термо-химиялық әсер етудің теориялық және практикалық сұрақтары қаралған. Қорытпаларда құрылатын фазалар мен күйлердің диаграммалары бейнеленген. Термиялық өңдеудің теориясы мен технологиясына үлкен көңіл бөлінген.
Бұл бөлімде машинажасау тетіктерін жасаудың барлық өңдеу сатылары (кеннен тетік бетін өңдеуге дейін) және мынадай қазіргі заманғы және келешегі мол технологиялық тәсілдер қаралған (жеке, сериялы және жаппай өндірістерде қолданылатын): құрылымдық материалдарды алу және өңдеу; құю, пластикалық деформация тәсілдері, пісіру, кесу және басқа тәсілдермен дайындамалар мен машиналар тетіктерін жасау.
«Металлургия», «Машинажасау» және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялық және машинажасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы болуы мүмкін.