63.3(5Қаз)61
Т 86
Тұрғараева, Г. М.
Ахмет Байтұрсыновтың
қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі [Мәтін] : (1872 - 1937 жж.) :
монография / Г. М. Тұрғараева. – Алматы : Нұр-Принт, 2015. - 258 б.
Автор ұсынып отырған еңбек А.Байтұрсыновтың
өскен ортасы, білім алған орны мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс
зиялылары арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын, саяси
көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын, табиғатын аша отырып, оның қоғамдық, саяси,
мемлекеттік және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары
мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, Ресейлік
патша үкіметінің қазақ қоғамының ішкі бірлігіне іріткі түсіріп, қазақ жерлерін
тартып алу, озбырлық саясатының кез келген көрінісіне қарсы күштерді басып
жаншуға арналған түрлі құқықтық, нормативтік құжаттар мен актілерін талдап,
А.Байтұрсыновтың саяси көзқарасының, саяси қайраткер ретінде қалыптасуына
тигізген әсерін өте тартымды көрсеткен. Сонымен қатар А.Байтұрсыновтың «Қазақ»
газетін ұйымдастырып, сол арқылы атқарған қоғамдағы саяси үгіт-насихаттық
күресін, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілісі мен Ақпан
төңкерісі тұсында ұстанған саяси бағытын, оның себеп-салдарын, майданға
байланысты қара жұмысқа еріксіз алынған қазақ жастарына көрсеткен қызметі мен
«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін орнатып, ұлттық тұтастыққа қол жеткізу
жолында жүргізген саяси күрестерінің бағыттарын ашқан. Азамат соғысы жылдарында
А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметіне қатысты бұрын тарихи шындық
тұрғысынан қорытылмаған пікірлерге талдау жасап, Кеңестік билік тұсында
атқарған мемлекеттік, қоғамдық-ағартушылық және ғылыми қызметтерін баяндап және
оның тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргін
құрбанына айналуына қатысты мұрағат деректеріне сүйене жаңа мәліметтер берген.
Бұл еңбек жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арнайы курс
сабақтарына пайдалануға, лекциялар дайындауға және мектеп оқушыларына қосымша
әдебиет ретінде пайдалануға арналған, жалпы оқырмандарды қызықтырары сөзсіз. | |