Батырханова, С. Арқаның абыз театры
85.334(5Қаз)
Б 27
Батырханова, С.
Арқаның абыз театры [Мәтін] : С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры / С. Батырханова. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 295 б.
1932 жылы жұмысшы жастар драма үйірмесі болып құрылып, алғашқы қадамын бастаған, Арқадағы театр өнерінің қарашаңырағына айналған С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының ғасырға жақын шежірелі өмірі мен өнерінің тарихы жинақталған бүл кітап өнерсүйер қалың оқырманға арналады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары-ақ көрерменін тауып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдан даласына дейін барып, өнер көрсетіп қайтқан Қарағанды театрынан ұлттық театр өнеріміздің талай таңғажайып таланттары қанаттанып ұшқаны әмбеге аян.
Сіз қолыңыздағы бұл кітаптан қазақ атты байтақ даланы мекендеген, сол ұлы даланың өзін сахнаға айналдырған табиғатынан өнерлі халықтың кенжелеп келген театр өнері қалай дамыды, оның бастауында кімдер тұрды деген сауалдарға жауап табасыз. Театр зерттеушілері мен өнертанушылар, өнер академиялары мен университеттерінің студенттері үшін қызғылықты мәлімет, деректерге толы құнды еңбек болады деп сенеміз.