Моро, С. Аннапурнадан аққан жұлдыз
75.8
М 70
Моро, С.
Аннапурнадан аққан жұлдыз [Мәтін] / С. Моро ; [итальян тілінен орысшаға ауд. А. Имашева ; қазақ тіліне ауд. Т. Данияров]. –
Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 101, [2] б.
Автор бұл кітабында жақын екі досының өмірін қиған 1997 жылғы Аннапурна экспедициясы туралы, сол бір өмір мен өлім үшін арпалысқан сәтте өзін төмен қарай 800 метр жерге сүйреп әкеткен қар көшкінінен қалайша аман қалғаны жайлы сыр шертеді. Алайда басынан өткен қайғылы-қатерлі оқиғаға қарамастан, ол өзінің сүйікті ісінен бас тартқан жоқ.
Симоне өзі бастан-аяқ қатысқан экспедицияның әр сәтін егжей-тегжейлі баяндайды, жорық барысын жан-жақты сипаттап, түсіндіреді. Оның естеліктеріне үңілсеңіз, альпинистер өміріндегі қызықты да қауіпті шытырман оқиғаларға тап боласыз, автормен бірге ызғарлы түндер мен дауылды күндерді бастан кешесіз, қар көшкінінің құрсауынан ғажайып жағдайда тірі қалып, бар күш-жігерін қамшылап, лагерге жете алмай келе жатқан кейіпкерге ілесе жалғыздық пен шарасыздықтың күйін кешесіз. Қансырап, әбден қалжыраған дәрменсіз альпинистің өмір сүруге деген құлшынысы... Тура желкеңнен төніп тұрған ажалмен бетпе-бет... Соған қарамастан жанталасқан Симоненің жанын жегідей жеген ең ауыр дерт – көз алдында мерт болған екі жолдасын құтқаруға деген титтей де үміттің жоқтығы еді...
Автордың бұл шығармасы биік тауларға және өзінің жүрегінің төрінен мәңгілік орын алған жақын досына деген арнау-тағзымы іспетті...