Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жекейұлы, З. Намыс оты
75.3
Ж 42
Жекейұлы, З.
Намыс оты [Мәтін] / З. Жекейұлы. – Алматы : Sardar G, 2024. –
198 б.

Қазақ халқының – сүйегі асыл! Рухы мықты қазақтың небір біртуар перзенттерінің адам таңғаларлық ерліктері аңыз болып ел аузында жүр. Қолдарыңыздағы «Намыс оты» атты жинақ арқылы бұла күштері жанартау болып атылған талай жанның талайлы тағдырларымен таныса аласыздар. Жұмыр жердің ең беделді жарыстарында ұлт намысын жанын сала қорғап, даңқ тұғырына көтерілген әр спортшының қиын да қызықты жолы – жас ұрпаққа үлкен өнеге.
Жинақтағы екі қолы иығынан жоқ, қайсар мінезді, асқак рухты, мұзжарғыштай жүйткіген керемет жүзгіштің тағдыры кім-кімді де таңдай қақтырары даусыз. Екі көзі көрмейтін шахматшының әлем чемпионын да тұқырта жеңген өр мінезі, тектілігі кімге де болса керемет үлгі. Екі аяғынан айырылса да мүгедектер арбасымен 42 шақырымдық марафонда топ жарып жүрген жас жігіттің қайтпас қайсарлығы, асқақ рухы жаныңды тебірентеді.
Жасы жетпістің бел ортасына келсе де жұмыр жердің айтулы марафондарында желдей есіп, жүлде алып жүрген қарияның қайратына қайран қаласыз. Жетпістен асса да бойдағы қуат тұла бойын кернеп, кір тастарын аспанға атып, әлемдік жарыстарда топ жарған екінші бір қария тағдыры – өзінше бір тағылымды хикая.
Жинақтағы жандарын шүберекке түйіп, тағдырымен тайталаса, арпалыса қияға ұмтылған осындай жандардың өмірі – бүгінгі жастарға керемет үлгі. Жас ұрпақты ерекше төзімге шақыратын, намыстарын шар қайраққа қайрайтын, ұлтты сүюге тәрбиелейтін туындылар. Жинақтағы әр кейіпкер тағдыры оқырманды бейжай қалдырмасы анық. Тағылымы мол еңбек.
Кітап бүгінгі жас ұрпаққа арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ