Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тұранқұлова Д. Сырлы сөз – сахна сәні
85.33я7
Т 86
Тұранқұлова Д.
Сырлы сөз – сахна сәні [Мәтін] : оқу құралы. Т. 3 / Д.
Тұранқұлова. – Алматы : Лантар books, 2022. – 196 б., [8] б. сурет.
– (125 жыл. Темірбек Жүргенов).


«Сырлы сөз – сахна сәні» атты еңбекте автор Д. Тұранқұлова көп жылдардан бергі педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, егжей-тегжейлі зерттеп келе жатқан саласы – актер үшін маңызды боп табылатын сахна тілінің тағы бір қырын саралайды. Автор дыбыстаудың ережелері мен тыныс алудың жолдары, дауыстаудың дұрыс бағытталуы, драмалық актер дауысының диапазонын түзету, сигматизмді түзету және тіл мәдениеті мен тазалығын сақтаудың орнын теориялық негізде түсіндіре отырып, әрбір бөлімде студенттер үшін жаттығу жұмыстарының үлгісін де ұсынады. Сахна тілінен білім алушы әрбір студентке бағыт-бағдар беретін оқулық қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларынан алынған небір сөз маржандарын іріктеп, талдап береді. Сахна өнері мен сахна тілінің қыр-сырын терең меңгергісі келетін әрбір талапкер үшін «Сырлы сөз – сахна сәні» атты оқулық таптырмас құрал болмақ.
Сахна өнерінің ішкі иірімдері егжей-тегжейлі талданып, зерттелетін бұл оқулық өнер академиясының, эстрада студиялары мен арнаулы колледждердің студенттері мен оқытушыларына, теледидар және радио дикторларына, жалпы өнер сүйер талапкер қауымға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ