Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тұранқұлова Д. Сахна тілі
85.33я7
Т 86
Тұранқұлова, Д.
Сахна тілі [Мәтін] : оқу құралы. Т. 1 / Д. Тұранқұлова. – 2-бас. – Алматы : Лантар books, 2022. – 232 б. – (125 жыл. Темірбек
Жүргенов).


Бұл кітаптың авторы – Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтындағы «Сахна тілі» пәнін жүйелеп, арнаға салған тәжірибелі ұстаздың бірі, тіл мәдениетінің жанашыры, кафедра меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, академик Дариға Тұранқұлова. Еңбекте қазақ театрындағы тіл өнерінің тууы мен қалыптасуына қысқаша шолу жасалып, қазіргі сахна тілінің түйінді мәселелері, дикция, тыныс, дауыспен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері, қара сөзбен және өлеңмен жазылған шығармаларды сахна тіліне негіздеп қолданудың ерекшеліктері жайында сөз болады. Сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің ғылыми айналымға кеңінен енгізілген кейбір тұжырымдары «Сахна тілі» пәнін оқытуға лайықталып жүйеге түсіріліп, пайдаланылған. Бұрын-соңды көркем әдебиетіміздің үлгілері мол мысал түрінде келтіріліп, әрбір тарау ішіне сыналап енгізілген.
Кітап театр және кино институтының, мәдениет жоғарғы оқу орындарының, эстрада студиялары мен арнаулы техникумдардың, училищелердің, колледждердің оқушылары мен студенттеріне, теледидар, радио дикторларына, журналистерге, хабар жүргізушілерге және театр өнеріне ынтызар қалың көпшілік оқырманға арналады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ