Есіркепов, Ж. М. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
75.1я7
Е 87
Есіркепов, Ж. М.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі [Мәтін] : оқу құралы / Ж. М. Есіркепов. – Алматы : ADAL KITAP, 2022. – 289 б.
Оқу құралында дене тәрбиесі мен спорттың ғылыми бағыттарына теориялық негіздеме беріледі. Атап айтқанда дене тәрбиесінің құралдары, негізгі тәрбиелік қағидалары, дене жаттығуларының жіктелуі, оқыту, үйрету әдістері, олардың жас ерекшеліктеріне қарай сипатталуы баяндалады. Аталған бөлімдер тақырыптық суреттер мен кестелер арқылы толықтырылған, мазмұны терминологиялық талаптарға сай орындалған.
Сонымен бірге оқулықта қызметтік, тәрбиелік бағыттардағы танымдық тақырыптар, дене тәрбиесі сабағында кездесіп қалуы ықтимал педагогикалық жағдаяттар ұсынылады. Оқулық мазмұны текстологиялық тұрғыдан ұғымды, ұтымды, тартымды тілмен баяндалған.
Оқу құралы «Дене тәрбиесі және спорт» білім беру бағдарламасында оқитын колледж, университет студенттері мен магистранттарға және осы оқу орындарында дәріс беретін оқытушыларға арналған.