85.33
И 83
Исабеков, Д.
Театр және кино әлемі [Мәтін] / Д. Исабеков. – Алматы : Жалын,
2022. – 432 б.
«Театр және кино әлемі»
деп аталатын бұл кітапқа автордың ұзақ жылдар бойы қазақтың Т. Жүргенов
атындағы ұлттық өнер академиясында драматургия және кинодраматургия саласы
бойынша оқыған лекциялары енген. Кітап филология
факультеттері мен өнертанушы студенттерге және осы саланың қыр-сыры мен
құпиясын білуге құштар көпшілік қауымға арналған. Кітаптың бірінші бөлімі жас
драматургтер мен жас сценаристерге пьеса мен сценарий жазудың теориялық жөне
практикалық жолдары көрсетілсе, екінші бөлім әлемдік кино шеберлерінің іздену
жолындағы алуан түрлі қиындықтарды жеңу мақсатындағы жанқиярлық еңбектері
қызғылықты жазылған. «Тағдырлы тарландар»
деген үшінші бөлімде әлемдік классиктер – Аристофан, У.Шекспир, И.Гете,
Н.Гоголь, А.Чехов, М.Горький, М.Булгаков сынды тарландардың бізге белгісіз
болып келген тағдырларының беті ашылады.
Драматургия мен кинодраматургия
саласын өз төжірибесі арқылы жақсы білетін Д. Исабековтың бүл танымдық еңбектері
жаңа жаза бастаған театр мен кино мамандары үшін ғана емес, көпшілік қауым үшін
де берері мол кітап болары сөзсіз. | |