84(5Қаз)
М 16
Мақатаев, М.
Тамаша айым - тамызым [Мәтін] : өлеңдер / М. Мақатаев. – Алматы : Қазақпарат, 2016. - 336 б.
«Онда — тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мұқаң соңында қалдырған «Күнделігінде». «Таңдамалыңның» болуы жақсы-ақ қой. Оны мен «Тамаша айым — тамызым» деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол — арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі соғуын тоқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі.
Мұқағали мұраларымен етене таныс көзі қарақты оқырманның көңіл түпкіріндегі өкініштің бір мысқал өтеуі болса және оның үстіне ақынның биылғы 85 жылдық мерейтойы тұсында көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің топтамасын тарту етсек деген ниетпен «Тамаша айым — тамызым» атты жинақты жұртшылыққа ұсынып отырмыз.