Нугуманова, А. 100 өнер қыраны
83.3(5Қаз)6
Н 80
Нугуманова, А.
100 өнер қыраны [Мәтін] : зерттеу мақалалар / А. Нугуманова. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 333, [2] б.
Қазақ өнерінің тамыры тереңге тартып, қаншалықты кеңістігі кемелденгенін қолыңыздағы «100 өнер қыраны» деген кітапты парақтасаңыз айқын ұғасыз. Оған іріктеліп берілген өнер тарлан- дарының басы көне ғасырда өмір сүрген Қорқыт, XII ғасырда Кетбұға, XIV–XV ғасырларда Асан Қайғыдан бастау алса, одан кейін Ақтамберді, Бұқар жыраулар мен Махамбет, Тәттімбет, Сегіз сері, Құрманғазымен жалғасып, әйгілі өнер тарландарының соңы Нартай, Соқыр Нышан, Мағжан Жұмабаев, Қапез Байғабылұлы, Иса Байзақов, Мұқан Төлебаев, Шәкен Айманов, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаевпен аяқталады. Алайда бұлар әбден екшеліп алынғаны. Әйтпесе төл өнерімізді аспандатқан жыраулар, жыршылар, ақындар мен әншілер, сал-серілер, күй өнерінің дүлдүлдері бұдан да көп екенін жақсы білесіз.
Кітап өнер зерттеуші ғалымдар мен студенттерге, қалың қауым оқырмандарға арналған.