Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жұртбай, Т. Толық адам
83.3(5Қаз)5
Ж 82
Жұртбай, Т.
Толық адам [Мәтін] : Абайдың сыртқы (заһир) әлемі: әдеби-салыстырмалы рисала. 1-кітап : Сол шыншыл: Хақ және
Жалғыз / Т. Жұртбай. – Алматы : Атамұра, 2023. – 256 б. : сурет.


«Толық адам» деген ортақ атпен оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл екі кітап жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың Абайдың шығармашылық өміріне, көркем әлеміне және ойлау жүйесі мен психологиясына қатысты ұзақ жылдарғы зерттеу еңбектерінің тұжырымы болып табылады.
«Сол шыншыл: Хақ және Жалғыз» атты бірінші кітапта Абайдың даналық мәйегі мен абайтанудың ең күрделі де тылсым жұмбағы болып табылатын әлемді исламдық пәлсафалық тұрғыдан ойлау және оны қабылдаудың төрт сатысының алғашқы екі сатысы пайымдалады. Бірінші саты, яғный, «Жан азығы – Шариғат». Бұл – фәни тіршіліктегі барлық ақыл-ой мен амалдың қам-харакетін қамтитын таным кеңістігі. «Тән азығы – Тариқат» бөлімінде тал бесіктен – жер бесікке дейінгі «ақ жолдан» адаспаудың күллі зандылығы қарастырылған.
Бұл – абайтану ілімінде бұрын мүлдем қаперге алынбаған әдістемелік талдау. Соған орай, Абайдың таным көздері туралы жаңа деректер мен дәйектер де бар.
Кітап абайтанушылар мен коғамтану ғылымы саласының мамандарына және жалпы көпшілік қауымға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ