83.3(5Қаз)5
А 13
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа қолжазбалар [Мәтін] : (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі қорынан) : ғылыми-инвентарлық каталог. 2-кітап : «Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің қолжазбасы». «Мүсірәлі ақсақалдың айтуынша» / [бас ред. Б. Көмеков ; жоба жетекшісі және ғылыми ред. Н. Әлімбай ; қолжазбалар мәтіндерін кирилше түсірген Ж. Белтенов [т. б.] ; ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі. – Алматы : Интеллсервис, 2020. – 560 б.
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жөніндегі қолжазбалар каталогының 2-кітабына Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің араб харпіндегі қолжазбасы және «Мүсірәлі ақсақалдың айтуынша» деп аталатын латын харпімен жазылған қолжазба олардың кирилше нұсқаларымен қатар беріліп отыр. Осындай тәсілмен бұрын-соңды жарияланбаған аталмыш материалдар Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын жаңа қырынан дендеп зерттеуге аса құнды деректік арқау болады. Сондай-ақ екінші «Мүсірәлі қолжазбасы» ұлы Абайдың өз заманындағы «сөз ұстаған өрнекті би» болған ірі қайраткерлік болмысын да айшықты айғақтайды.