83.3(5Қаз)5
М 91
Мырзахметұлы, М.
Абайтану [Мәтін]. Т. 10 : Абайдың адамгершілік мұраттары / М. Мырзахметұлы. – Алматы : Қазығұрт, 2020. – 340 б.
175 жыл
Мекемтас Мырзахметұлының көп жылдық зерттеулері қамтылған бұл еңбекте Абайдың адамгершілік туралы көзқарастары, ежелгі шығыс ойшылдарымен пікір сабақтастығы жайлы ғылыми деректер қорытылып, талданады. Сондай-ақ, ұлы ақын мұрасын танудағы негізгі бір сала – шығармаларының бұрынғы-соңды басылымдары, ондағы текстологиялық мәселелер, жалпы абайтанудың бүгінгі жайы сөз болады.
Бұл кітапта хакім Абайдың «Толық адам» ілімі – жаңа таным жолы ретінде қарастырылады. Автор Абай танымын қазіргі заманға сай көзқараспен саралап, соны тұжырымдар ұсынады.
Абай шығармаларының тілдік ерекшеліктерін екшелеген «Абай лұғаты» зерттеуі де осы томға енгізілді.