82.3(5Қаз)
А 90
Атамекен сиқырлы елінің аңыздары = Легенды волшебной страны Атамекен [Мәтін] / құраст. О. Гумирова ; ауд.: Б. Койшибаев (каз. яз.), К. Бобровская (англ. яз.). – Шымкент : ShugyIakitap, 2020. – 200 б.
Сіз білесіз бе, Бөрітастаған, Толағай, Шұбарата таулары, Мыңжылқы, Шомқалған аңғарлары немесе Баянауыл, 1 Бурабай жерлері неліктен солай аталған? Зеренді, Марқакөл көлдерінің атаулары қайдан шыққан, Үркердің жеті жұлдызы неге аспаннан кетпейді, аспан шырақтары Ай мен Күн қалай пайда болды? Ал қоянның құйрығы неге қысқа, ат неге дірілдейді немесе сұртышқандар қайдан шықты? Қораз бен күн неге аймен ренжісіп қалды, бұл сізге мәлім бе? Осы және осы сияқты көптеген сауалдардың жауабын сіз «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» кітабынан табасыз. Оған енген аңыздар Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тегі жөнінде әңгімелейді.
Үш тілде – қазақша, ағылшынша және орысша шығарылған, жақсы безендірілген бұл кітап біздің республикамыздың жас оқырмандарын қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстырады. Кітап мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кіші балаларға, сонымен қатар тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.