81.632.4-7
Ә 54
Әлпейісова,
К. Ә.
Фразеологизмдердің қазақша-орысша, орысша-қазақша
мағыналық аудармасы [Мәтін] / К. Ә. Әлпейісова. – Астана : Арда, 2016. – 150 б.
Кітапта қазақ халқының тіліне, мәдениетіне, дүниетанымына, тіршілік тынысына қатысты құнды дереккөздердің бірі, шұрайлы тілмен қысқа да нұсқа түрде айтылып, терең мағына беретін - фразеологизмдердің қазақша-орысша мағыналас аудармалары жинақталған. Әр халықтың өмір сүру дағдысы, салт-дәстүрлері бір-бірінен өзгеше, тіршілікте кездесетін түрлі құбылыстарға көзқарастары әрқилы болғандықтан, ондай жайларды сипаттайтын фразеологиялық бірліктері де әртүрлі болатыны түсінікті. Дегенмен олар арқылы берілетін түпкі мағына бірдей болатын, бір-біріне сәйкес келетін жайттар аз емес.
Бұл еңбектің аударма саласында: көркем аударма жасауда, сондай-ақ тіларалық қатынасты қамтамасыз етуде жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап белсенді түрде қолданыла бастаған ауызша аударманың аса күрделі түрі - ілеспе аудармада пайдасын тигізіп, адам бойында шешендік қабілетті дамытуга игі әсер етері сөзсіз.
Кітап туған тілін тереңдете игергісі келетін жандарға, мемлекеттік қызметшілерге, саясаткерлерге, журналистерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, аудармашы болуға талаптанған, аударма өнеріне қызыққан қалың оқырманға арналған.