Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қойшыбаев, Б. Тәуелсіздік һәм зиялылар
63.3(5Қаз)
Қ 60
Қойшыбаев, Б.
Тәуелсіздік һәм зиялылар [Мәтін] : тарихи миниатюралар,
зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Б. Қойшыбаев. – Алматы :
Тоғанай Т, 2024. – 365, [2] б. : фотосурет.


Жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік һәм зиялылар» атты бұл кітабында өткеніміздің белгілі бір кезеңдеріндегі мәселелер жайлы уақытында қағаз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жария еткен зерттеулері, тарихи миниатюралары, публицистикалық мақалалары, дөңгелек үстел материалдары, журналистердің сауалдарына берген жауаптары белгілі бір жүйемен топтастырылған. Біріне бірі ішкі үндестікпен жалғасқан материалдардың бәрі оқырманның тарихи жады мен санасын жаңғыртуына септесіп, тәуелсіз еліміздің қазіргі жағдайы мен болашағы жайында ой түюіне, зиялылықты, зиялылардың әр кезеңдегі әрекеттерін сын көзбен саралай білуіне, сөйтіп қазіргі таңда аса қажет айқын азаматтық позициясын бекемдей түсуіне жәрдемдесуді көздейді.
Кітап Отан тарихының ақиқатын білуге құмартатын, бүгінімізді дәл танып, 2022 жылдың басындағы Қанды қаңтардан кейін алға тартылған Жаңа Қазақстан құру идеясын, күн тәртібіне шыққан ұлы мұраттарымызды тереңнен түсінуге және жеке басының иланымдық тұғырын мығымдай түсу арқылы жүзеге асыруға бекіген ізденімпаз азаматтарға, жастарға, қалың жұртшылыққа арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ