Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ишпекбаев, Ж. Е. Қазақтану
63.3(5Қаз)я7
И 97
Ишпекбаев, Ж. Е.
Қазақтану [Мәтін] : оқу құралы / Ж. Е. Ишпекбаев, Р. Р. Оспанова ; ҚР Ғылым және жоғары білім м-гі, Абай атындағы ҚазҰПУ. –
Алматы : KEMEL KITAP, 2023. – 690 б.


Қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасқан ұлттық болмысын ғылыми теориялық негізде жастар бойына сіңіру заман талабы. Өткір ойлы, қоғам сұранысын қанағаттандыратын маман дайындауда ұлттық рухта білім мен тәрбие беру мақсатында авторлар оқу құралын ұсынған. Оқу құралында қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы мен оның материалдық, рухани мәдениетін, тарихын, әдебиетін зерттеудің қазақтану іліміне негізделген маңызы қарастырылды.
Оқу құралында студенттерге қазақтанудың зерттелуі мен дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік берілген. Қазақтанудың негізгі проблемалары мен оның қазіргі міндеттерін таныстыруға қатысты айтылған бастамашыл ұсыныс-ұстанымдары мен жаңашыл ой- тұжырымдары жинақталған. Олар отандық тарихтағы білім, ғылым жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер ретінде зерттеліп-зерделенген.
Оқу құралы студенттер мен білім, ғылым жүйесі мамандарына арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ