Әлімжанов, Б. Өмір сырлары
88.52
Ә 55
Әлімжанов, Б.
Өмір сырлары [Мәтін] : танымдық әдебиет / Б. Әлімжанов. –
Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 332, [4] б.
Көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжановтың бұл кітабы – әрі танымдық, әрі үлгі, өнегелік мәні зор дүние.
Адам өмірдің сан қырлы, алуан сырлы, мың бұралаң жолын қалай жүріп өтеді? Кімге сеніп, неден күш алады? Қандай жолды таңдайды? Имандылық, адамгершілік пен пендешілік кемшіліктердің күресі туралы ой-толғамдары қызықты, тартымды. Даналардың түйіп айтқан нұсқа сөздерін орнымен келтіре отырып, оқырманның ойын байытып, өрісін кеңейтуді көздеген. Салмақты сөздері рухтандырып, жігерін қайрап, еңбекқорлыққа, ізгілікке шақырады, жан түкпірінде қалғып жатқан қабілет, қуатты оятуға, күшейтуге әсер етеді. Адамның сана-сезіміне қозғау салып, жарқын өмір сүруге, туған ел, туған жермен бірге бар ғаламды сүюге үндейді.