Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Ахметов, Т. Ә. Түркі ойшылдары мұраларындағы рухани-имандылық құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (VI–XII ғ.ғ.) 74.03(5Қаз) А 94 Ахметов, Т. Ә. Түркі ойшылдары мұраларындағы рухани-имандылық құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (VI–XII ғ.ғ.) [Мәтін] : монография / Т. Ә. Ахметов ; ҚР Ғылым және жоғары білім м-гі, А. Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік ун-ті ; [ред. М. Жұмашев]. – Қостанай : ҚӨУ баспасы, 2023. – 164 б.
Зерттеу еңбек Ұлы далада орналасқан Қазақ еліндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуының жеті жүз жылдық тарихын қамтиды. Орта ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінде тасқа қашалып жазылған Мәңгілік Ел идеясынан бастау алған патриоттық ой-пікірлер Қорқыт Ата кітабында, Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің тағылымдарында, Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінде» жалғасын табатындығы ғылыми дәлелденеді. Автор ортағасырлық ойшылдардың ұрпақ тәрбиесіне байланысты ой-тұжырымдарын бүгінгі педагогика мен психология ғылымдарының талабы тұрғысынан зерттеп, ежелгі түркі дүниесіндегі тәлім-тәрбиелік тәжірибелердің қазақтың халықтық педагогикасымен тамырластығын айқындайды. Кітап ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздарға, ата-аналарға, педагогика мен білім тарихын зерттеуші ғалымдарға арналған. Баспаға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылды. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|