26.8
Б 20
Байтасов, А.
Жағрафия
киелі құранда = География в священном коране [Мәтін] / А. Байтасов. – Алматы :
Таймас, 2016. - 96 б.
қазақ және
орыс тілдерінде = на каз. и рус. яз.
«Жағрафия киелі Құранда. География в священном Коране» аттыекі тілде жазылған ғылыми еңбек
Құран Кәрімнің енді-енді, кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми
жетістіктерді осыдан он терт ғасыр бұрын
айтып кетуі көп-теген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идіргендігін көрсетеді.
Мәселен, кез-келген жаратылыстағы аналық-аталық ұрықтарының
ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттелгені бәрімізге мәлім. Осыған орай
ғылыми еңбекте Құран Кәрімнің «Хижр» сүресіндегі мына бір аятқа өте орынды
түсінік берілген: «Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр
жаудырып, сендерді сусындандырдық...» - деген Құран Кәрімнің «Хижр» сүресіндегі аяты
жаңбырдыңжаууында, желдіңтозаңдандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-бірімен қақтығыстырады. Бұл
қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан кезде жерге жаңбыр жауады. Желдің бұлттарды
айдап, бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір-біріне қосады» деп
емес, «тозаңдайды» деп берілуі шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта
айтылған желдің бұлттарды «тозаңдайды» деуінің
астарынан бұлттардың да бейне бір
аталық-аналық тәрізді позитив-негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады.
Демек, желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып, тығыздауы
нәтижесінде жаңбыр жауғызуы оның «тозаңдауы» болмақ. | |