Толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
Ақпарат алу жолы
Бөлім меңгерушісі: Гришина Светлана Салаватовна
Тел.: 8(7142) 504-012
e-mail: kost-ounb-komp@mail.ru
Жұмыстың бағыты:
• Әдебиеттерге деген сұранысты зерттеу, ғылым мен техниканың жаңа бағыттарын бақылап отыру. Кітап нарығының жағдайын зерттеу, мейлінше қолайлы толықтыру көздерін іздестіру.
• Түрлі баспалармен, ұйымдармен толықтыру мәселесі бойынша шарттар жасасу және хат алмасулар.
• Мерзімді басылымға жазылуды ресімдеу. Әдебиетті техникалық өңдеу, жаңадан түскен әдебиеттердің электронды каталогын және мемлекеттік және орыс тілдерінде ретрокаталогты жасау және қалыптастыру.
• Мемлекеттік және орыс тілдерінде әліпбилік қызметтік және оқырмандар каталогын, жүйелік каталогты ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру және жүргізу.
• Мемлекеттік және орыс тілдерінде жүйелік каталогқа Әліпбилік-пәндік көрсеткішті ұйымдастыру және жүргізу.
• Жаңадан түскен әдебиеттерді қабылдау, тіркеу, жеке және жиынтық есепке қою, Негізгі қорды сақтау бөліміне беру.
• Есептен шығарылған әдебиеттерді мүлік кітабынан шығару.
• Мемлекеттік және орыс тілдерінде каталогтарды редакциялау.
• Жаңадан түскен әдебиеттерді, авторефераттарды каталогтау.
• Мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды каталогтың деректер базасын жасау (электронды каталогқа құжаттар енгізу).
• Қорларды толықтыру мәселесіне қатысты кәсіби семинарлардың жұмысына және қорларды толықтыруды жетілдіруге бағытталған зерттеулерге қатысу.
• Оқырмандарға каталогта әдебиеттерді тақырыптық, библиографиялық тізім бойынша іріктеу және электронды каталог бойынша кеңестер беру.
• Облыстың ОКЖ кітап қорларын толықтыру, есебін жүргізу және каталогтарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.