Негізгі қорды сақтау бөлімі
Негізгі қорды сақтаубөлімікітапхананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және кітапханалық қордың орналастырылуын, сақталуын, ұйымдастырылуын және пайдаланылуын жүзеге асырады.
Баспа өнімдерін сақтайтын негізгі қойма болып табылатын Негізгі қорды сақтау бөлімі кітапхананың жертөле қабатында орналасқан және 2 қабатты алып жатыр. Оның жалпы аумағы 1000 шаршы метр. Бөлімнің құрылымына кітап қорын сақтау секторы, мерзімді басылымдар секторы, құжаттарды қалпына келтіру секторы енгізілген.
Кітап сақтау бөлімінде барлық негізгі кітаби байлық пен мерзімді басылымдар қоры жинақталған. Көптеген басылымдардың жалғыз ғана даналары бар. Қорда ХХ ғасырдың 20-ыншы жылдарында шыққан кітаптар, 1937 жылдары шыққан журналдар, 1941 жылдары шыққан газеттер бар. Қорда барлығы 332000 басылым бар, оның 261473 данасы кітап, 60523 данасы мерзімді басылым (1160 жинақ газет және 59363 дана журнал). Бөлімнің мерзімді басылымдар картотекасында олардың 1248 түрі тіркелген: 363 түрлі газет, 885 түрлі журнал.
Барлық өңделген әдебиет негізгі сақтау бөлімі арқылы өтеді, сол себепті индикаторлар каталогы осы жерде орналасқан. Жыл бойы жаңа әдебиеттер қосалқы қорларға бөлінеді, ал аз сұралатын, дублетті әдебиеттер мен мерзімді басылымдар осы қорлардан сақтауға қабылданады. Жыл ішінде ескірген және тозған әдебиеттер бөлімнің қорынан алынады да, есептен шығаруға беріледі.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерден түскен сұратулар бойынша селекторлық байланыс арқылы жүргізіледі, ал құжаттарды жеткізу жүк лифтімен жүзеге асырылады. Жыл сайын бөлімнің қызметкерлері қосалқы қорларды тексеріп отырады.
Кітап сақтау бөлімінде «Облыс кітапханалары – өлке тарихының тамыршысы» жобасы жүзеге асырылады. Кітапхананың ақпараттық ресурстары электронды тасығыштарға ауыстырылу үстінде. Жоба облыстық маңызға ие және өлкетану құжаттары мен өңірлік баспасөздің сақтандыру қорын құруға бағытталған жұмыстардың жалғасы болып табылады.
Жобаның мақсаты – ақпараттың барлық пайдаланушылар үшін еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін деректер базасының электронды мұрағатын жасау болып табылады. Цифрландыру тікелей баспа өнімдерінен жүргізіледі.
2019 жылдың қаңтары қарсаңында Қостанай облысының 40-ыншы және 60-ыншы жылдар аралығындағы 17 түрлі облыстық және аудандық газеттерінің 67 жылдық жинағы цифрлық нұсқаға көшірілді (электронды ресурстардың көлемі 21,301 Гб, беті 18621). Барлық цифрлық нұсқаға көшірілген материалдар кітапхана сайтына және Әмбебап оқу залындағы электронды дискілерге орналастырылған.
Бөлімде жаңа әдебиеттерді сканерлеу жүзеге асырылады, әдеби мерейгерлердің күнтізбесі құрастырылады, облыстық және аудандық мерейгер газеттерге арналған бүктемелер мен кітапшалар шығарылады, өткен жылдардың мерзімді басылымдарынан («Сталинский путь», «Ленинский путь» және «Большевиктік жол», «Коммунизм таңы»облыстық газеттері) 75, 70, 60, 50, 40 жыл бұрын болған оқиғалар жайындағы мақалалар сканерленеді. Бұл жайындағы барлық ақпаратты кітапхана сайтынан және әлеуметтік желілерден табуға болады.
Бөлім меңгерушісі: Меланчук Лариса Владимировна
Тел.: 87142500667(19)
Эл.пошта: ohof_kounb@mail.ru