Қазақстанда революцияға дейін кітапханалар ең алдымен орыс халқы басым болған губерниялық және уездік қалаларда құрылды. Осылай, Торғай қамқорлық қоғамы Қостанай уездінің қоныс аударып келген орыстар арасында бастапқы білім беруді тарату туралы 1891 жылы Қостанайда ақысыз «Халық оқу залының» ашылуы туралы ұсынысымен Торғай облысының әскери губернаторына өтінішпен барды. 1892 жылы осындай оқу залы ашылды, онда 467 кітаптар болды, және ол Жарғы негізінде жұмыс істеді.
1894 жылы Қостанай қаласының Халық үйінде бірінші көпшілік кітапханасы ашылды. Өкінішке орай, біздің кітапхананың тарихы осыдан бастауын алатыны туралы нақты дәлелдер жоқ.
Кітапханадағы бар құжаттарда келесі мәлімдемелер байқалады: «1937 жылдың қаңтар айынан бастап, Қостанай облысының білім алуына байланысты, қалалық кітапхана облыстық кітапхана деп атала бастады».
1949 жылы атақты орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдың 120 жылдық мерейтойына байланысты кітапханаға оның есімі берілді. Кітапханаға оның есімі кездейсоқ берілмегені туралы мұрағаттық құжаттар дәлелдейді. Л.Н.Толстойдың мұрасының ерекше қызықтыратыны ол оқырман-шаруа адамдарымен жарияланбаған қатынас хаттары, хат жазысуы. Өмірінің соңғы жылдарында Л.Н. Толстой Ресейдің шалғайдағы түкпірлерден, сонымен қатар ұлттық шеттерден көптеген хат алып тұрды. Бірде бір жол адресаттың назарысыз қалмайтын, бұл туралы жазушының алынған корреспонденцияға жауап хаттары мен белгілеулері дәлелдейді.
Бұл қарым-қатынаста есте қаларлығы оның Қостанай уездінің Торғай губерниясының шаруа адамдарымен хат жазысуы. Л.Н.Толстойдың мәскеулік мұражай қорында «қостанайлық іздер» бар: өте жақсы сақталған қостанайлық В.И. Касиванов пен И.В. Колесниковтың оннан артық хаттары. Әр біреуінде – жазушының жеке белгілеулері. Бұл тұрғыда жергілікті деректемелермен, сонымен қатар Қостанай пединститут мұражайының әдеби қоры едәуір қызығушылық тудырады. Қостанай педагогикалық институттың профессоры, марқұм Н.И. Кандалинм Лев Николаевичтің қостанайлықтармен жазысқан хаттары туралы айтылатын мәліметтерді жинады, ол бұл сұрақ бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты және Л.Н.Толстойдың Мәскеудегі мұражайына бірнеше рет барып тұрған.
Л.Н. Толстойдың қостанайлық Василий Исаевич Касивановпен хат жазысуы 1907-1908 ж.ж. жатады. Бұл уақытта Л.Н.Толстой Ясная Полянада өмір сүрген. В.Касиванов – қазақ Зауральесіне көшіп келген, Самаралық губерниясының шаруа ортасынан шыққан. Осы жерден Л.Н. Толстойға 24 қаңтарда хат жіберілген. Автор өзінің жазушы шығармашылығымен қызыққаның айтып, оның кітаптарын қалай және қайда сатып алуға болатының сұрайды. Толстойдың хатшысы Касивановтың хат конвертінде белгілеген екен: «Касиванов кітап сұрайды. Костанай». Хатты оқып, жазушы «алыс түкпірге» қарсы болмай: «Кітаптарды жіберу керек»,-деп өкім етті. Осы жылдың 25 мамыр айында жіберілген, екінші хат, кітаптардың тағайындалған жеріне келіп түскені туралы дәлелдейді. Өз атынан, Толстой кітаптарын тыңдаушылар атынан (қостанайлық шаруа адамдардың көпшілігі сауатсыз болғандықтан кітаптарды дауыстап оқыған) Касиванов былай деп жазған екен: «Сіздің мәңгі бақи құлдықтан теңдік пен бостандыққа апаратын тура жол шындық ілімін оқыған уақытта, жер қазушы ер кісілер қандай ынтамен ұйып тыңдайтындарын суреттеп бере алмаймын». 1908 жылы 31 наурыз айында жазылған В.Касивановтың үшінші хаты, едәуір мәнді және қызығырақ. Сыйлыққа алынған кітаптар («он бес кітапша») үшін алғыстан басқа, хат есте қаларлық еңбекшіл халықтың өмірі мен оның көсемдері туралы ойларды құрайды.
Л.Н.Толстойдың И.В.Колесниковпен хат жазысуы оданда маңызды. Колесниковтың Толстойға жазған тоғыз хаты сақталған (оның жартысы Челябі түрмесінде жазылған), жазушының екі жауап хаты (олардың біреуі «Сіздің ағаңыз Лев Толстой» деп жазылған), жазушының Колесниковке қарым-қатынасы туралы В.Молочковтың естеліктері, Колесников туралы Толстойдың өзінің күнделікті жазбалары және И.Колесниковтың бір хатының дәйек сөзі мен саралауы оның «Ғасырлар туралы» мақаласында маңызды орын алады. 1909 жылдың мамыр айының 1-інде Л.Н.Толстойға кіріп-шыққан В.А.Молочников жазушымен әңгімелескен уақытта оның хатты «Күрделі кезеңдер» жинағымен салыстырып отырғаның еске түсіреді. Оған ерекше әсер еткені ол хаттың авторы – сауатсыз, бірақ оның ойынша, ауыр өмірдің себеп мәнісіне дұрыс жақындайтын шаруа адам. «Дәл көздеген жерге тигізеді, Бұл хатты суретке түсіріп алу керек – деп шаттықпен байқайтын Лев Николаевич». 1909 жылы 21 мамыр айында Лев Николаевич Колесниковтың хатын тағы еске түсіреді: «Кеше таңертеңде «Орыс сөзінің» тілшісі келді. Мен оған «Күрделі кезеңдер» туралы әңгімелеп, айтып жаздырттым... Ер адамның хаты өте заңды – белгілі қылғым келеді». Л.Толстойдың қостанайлықтармен хат жазысуы жазушының тек орталық Ресейде ғана емес, сонымен қатар елдің шеткі ұлттық өңірлерінде де шаруа адамдардың тобына ықпалының шексіз екені, оның өзара қарым-қатынас жасау туралы айтуға ерік береді. Ұлы Отан соғысы – бұл Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхананың өмірінде ерекше кезеңі. Соғыс жылдарында біздің қалада снарядтар жарылмады, оқтар зуылдамады. Бірақ майдан әрбіреудің жүрегінен, әрбіреудің тағдырынан өтті, және қостанайлықтар бір ғана оймен өмір сүрді: бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін. Қостанай облыстық кітапхананың 1961 жылы «Қазақ ССР еңбегі сіңген кітапханашысы» атағына лайықты Анна Павловна Вертинскаябасшылық еткен ұжымы да ерекше болып қалған жоқ. Соғыс уақытына қарамастан, кітапхананың жұмысы тоқтап қалған жоқ: кітап қоры толықтырылып, мерзімді басылымдар түсіп тұрды, көшірумен келген Кеңес Одағының – Мәскеу, Ленинград, Симферополь, Киев, Херсон және т.б. үлкен қалаларының арқасында оқырмандардың саны көбейе берді. Кітапханашылардың арқасында, бүгінде біздің кітапханамызда майдан оқырмандарынан келген қасиетті жәдігерлері – хаттар сакталган.
Кiтапхана ғимараты ұзақ жылдар бойы Повстанческая 74 көшесінде орналасқан. Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың дамуы, пайдаланылып отырған алаңнын кеңейтуімен қоса, техникалық жабдықтардың, кітапханалық қордың, штаттың, бөлінген қаржының артуымен коса жүрді. 1979 ж. шілде айындағы мәнді оқиға – жаңа типтік ғимаратқа көшу болды. Кітапхананың пайдалаланылатын алаңы 6 000 шаршы метрді құрайды, кітап сақтаудың сыйымдылығы 500 мың том, оқырмандар үшін орындар саны – 500.
Облыстың басты кітапханасы, көпшілік қостанайлықтар үшін жай ғана «Толстовка», бірақ бұл есім 60 жыл бойы қала тұрғындарын қуанттырып, таң қалдырып, біліммен байытып келеді. Лев Николаевичтің сөзі: «Кітаптың мәні – мәңгі... Мәні бұл – ойдың мәңгі есте сақталуы»,- біздің кітапханаға толық құқықпен айтуға болады. Әлемдік деңгейдегі ұлы орыс жазушының есімі біздің кітапхана үшін өте көп маңызы бар: Толстойдың еңбектері кітапхана сөрелерінде қозғалыссыз тұрмайды, ылғида оқырман қолында. Қатты айтылмасын, бірақ бұл таң қаларлық емес, өйткені олар өмір сүруге көмектеседі, ойлауға, жасауға мәжбүр етеді.
1997 жылы Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК дүниежүзіне белгілі Сорос қорының грантын алды. «Толстовка» Сорос қорымен, «Евразия» және ашық қоғам Институтымен ұйымдастырылған конкурсқа қатысты, және бестік жеңімпаздардың ішіне кірді. Гранттың арқасында Интернет жүйесіне кіруге рұқсат ашылды, этап бойынша оқу семинарларына шақырулар алынды, үлкен мөлшерде жаңа әдебиеттер түсірілді. «Пушкиндік кітапхана» мегажобасына қатысуға байланысты қор едәуір ресейлік басылымдардың ең жақсы әдебиеттермен, сонымен қатар электрондық ақпаратты тасушылармен толықтырылды.
1998 жылы Л.Н.Толстойдың 170 жылға толуына байланысты кітапхана қонақжайында А.М.Горькийдің сөзімен аталған: «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты үнемі колданыстағы көрме ашылды. Онда – шығарма жинақтамалары және жеке туындылары, соның ішінде 1872 жылы жарыққа қайтадан басылып шыққан «Әліппе» басылымы, И.Репиннің, И.Крамсковтың репродуктивтік суреттері, Толстойдың замандастарымен түсірілген фотосуреттері, оның романдарына иллюстрациялар, олардың балаларының Толстой туралы естеліктері және т.б. өз орнын тапқан.
2001 жылы «РАБИС» бағдарламасын сатып алуға байланысты кітапханалық процесстерді автоматтандыру, кітапхана жұмысын түбегейлі өзгертті. Кітапхана қорына ағымдағы түсімдер туралы ақпарат енгізуде электрондық каталогты қалыптастыру бар қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта кітапханада 45 автоматтандырылған жұмыс орны бар, толықмәітінді құқық қоры: қазақ және орыс тілдерінде «Заң» және «Заңгер 4.0 - Максимум», ол құжаттарды электрондық түрде жеткізу қызметін атқарады.
Облыстың ірі кітапханаларының әрбір тарихи беттері - өңір мәдениеті дамуынын едәуір салмақты қазынасы.
Бүгін Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істейтін, Интернеттің қорын жүйелейтін, әртүрлі электрондық қызметті көрсететін және жаңа технологияларды енгізудегі өзінің болашағын толық сенімді байланыстыратын кітапхананың жаңа үлгісі. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК – маңызды ақпараттық, мәдениеттік, өлкелік білім алатын орталық, Қостанай облысында басып шығарылған басты баспа туындыларының, және өлке туралы әдебиеттердің, облыс кітапханалары үшін ғылыми-әдіскерлік орталық қоймасы.
Кітіпахана қызметкерлері 20 жылдан артық әртүрлі кездесу-кештерін ұйымдастырады. Кітапхананың қонақтары әр түрлі жылдары Сара Назарбаева, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов, Иван Шеголихин, Морис Симашко және т.б. болды.
Кітапхана оқырмандарға салалық бөлімдер, оқу залдары, ақпараттық орталықтар арқылы қызмет көрсетеді; өлкенің мекемелері мен билік ұйымдарына ақпараттық көмек көрсетеді.
Кітапхананың кадрлік құрамы – 130 қызметкер, 14 бөлімдегі жұмысты 97 кітапхана мамандары ұйымдастырады. Жыл сайын кітапхана 35 мың оқырманға қызмет етеді, оларға 900 мың дана әдебиеттер беріледі. Кітапхана 500 атаудан артық журнал мен газет жаздырады.
Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК бір орында тұрмайды – ол арықарай дамиды, өзінің ұстанған жолын бекітеді және жалпы кітапханалық іске өз үлесін қосады. «Кітапханалар – бұл өткеннен болашаққа көпір» деген қалыптасқан сөз қазіргі «Толстовканың» өміріне сай келеді.