Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ауған соғысында болған жерлестерімізбен кездесу
18.02.2014

14.02. қонақжайда Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Жадымызды жалын құшқан Ауғанстан» атты патриот сағаты болып өтті.  

Ауған халқына интернационалдық көмек көрсетуге біздің жерлестеріміз де атсалысты. Ауған соғысына 1864 қостанайлық қатысқан болса, оның 44 шайқас алаңында мерт болды, 2 із-түзсіз жоғалып кетті.  Кездесуге Отан алдындағы интернационалдық парызын абыроймен атқарып келген жерлестеріміз – ауған соғысының 7 ардагері қатысты. Қонақтар артта қалған ауыр жылдарды еске алып, Ардагерлер одағының қазіргі кезде атқарып жатқан істерін, «Жеңіс саябағы» аумағында ашылған «Ауғанда опат болған жауынгер интернационалистер» мемориалдық кешені туралы әңгімеледі. Есімдері қашап жазылған осы монумент жайындағы бейнеролик келгендердің жанын тебірентіп, роликті тұрып қарауға мәжбүр етті. 

Жүргізуші жиналғандарды демалыстағы подполковник Анатолий Николаевич Харченконың ауған соғысы жайындағы қолжазба-естелігімен таныстырып өтті.  

Оқырмандар назарына «Уақыт бізді таңдады» атты кітап көрмесі, бейнероликтер, музыкалық нөмірлер ұсынылды. Кездесуге Қостанай облысы ІІД оқу орталығының тыңдаушылары, №5 кадет мектебінің оқушылары, қаланың оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері шақырылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ