Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отбасы – ғалам ғажайыптарының бірі»
02.09.2024

«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы оқырмандар назарына «Отбасы – ғалам ғажайыптарының бірі» тақырыптық сөресін ұсынды.

Бейімделген тақырыптық сөреде отбасылық құндылықтарды ашатын кітаптар ұсынылған. Олардың ішінде Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері бойынша энциклопедиялар мен анықтамалықтар, отбасылық психология жайында баяндайтын С. Кенжеахметұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы, «Әлем халықтары» басылымы бар. Сондай-ақ көркем әдебиет: «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы, «Ұлпан» Ғ. Мүсірепов, «Мәңгілік махаббат жыры» А. Нұршайықов, «Свет очага» Т. Ахтанов, «Супружеская жизнь» С. Эндо, «Люди, которые всегда со мной» Н. Абгарян, «Семейная реликвия» Р. Пилчер және т. б. әдебиеттер қойылған.

Отбасы қашаннан бері түрлі ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз етіп келеді. Ол әрқашан қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрлерінің сақтаушысы болған және болып қала бермек.

#гидқазақстанға #гидпоказахстану


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ