«Тіл білімінің абыз анасы»
16.08.2024
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, лингвист-түркітанушы Рабиға Сәтіғалиқызы Сыздықованың туғанына 100 жыл толуына арналған әдебиеттің ұсынымдық тізімін дайындады.
Ұсынымдық тізімге кітаптар, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар, замандастарының естеліктері, кітапхана қорында бар автордың шығармаларының жинақтары енген.
Ұсынылған әдебиеттерде Рабиға Сәтіғалиқызы өмірбаяны, этимологиялық және басқа да лексикологиялық зерттеулер бойынша еңбектері көрсетілген. Ол қазақ лингвостилистикасының ғылыми бағытының негізін қалап, жоғары оқу орнының практикасына үлкен үлес қосты, оның редакциясымен А.Байтұрсынұлының лингвистика және білім туралы шығармалар жинағы жарық көрді.