17 наурызда Әмбебап оқу залында Ата-бабаларды еске алу және баталар күніне арналған «Өмір ағашы» атты мерекелік бағдарлама өтті.
«Шежіре» – қазақтың ең маңызды дәстүрлерінің бірі. Ежелден өзінің ата-бабасының шежіресін білу әр адам үшін міндетті болып саналған.
Іс-шараның қонағы Амангелді ауданының құрметті азаматы Әбілтаев Әбдіқадыр жастарды ата-баба шежіресін, отбасы тарихын, халық тарихын білуге шақырды. Ол қазіргі адам үшін ағайындылар арасындағы мызғымас бірліктің, тектілік пен білімділіктің маңызды екенін атап өтті. Жеті ұрпақты білу тек есімдерді тізімдеумен шектелмеуі керек, олардың кім болғанын, олардың өз отбасы мен өз руы үшін қандай игі істер істегенін білу де маңызды.
Іс-шара «Өмір ағашы» атты кітап көрмесімен сүйемелденді.