2022 ж. 17 ақпанында Әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді.
Көрме өз жұмысын жалғастыруда. Оның бөлімдері Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қабылдаудың негізгі кезеңдерін көрсетеді. Көрмеге қойылған кітаптардың бірі – «Государственные символы Республики Казахстан. Символы Независимости». Кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бүгінде бүкіл әлемге танымал. Кітапта мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы егжей-тегжейлі баяндалған және ашық, сапалы суреттермен жан-жақты сипатталған. Кітап мұғалімдерге, студенттерге және мектеп оқушыларына пайдалы болуы мүмкін.
Кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыратын және жаңа материалдармен тұрақты толықтырып отырылатын болады.