7 сәуірде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған шахмат-дойбы сайысын өткізді.
Бүгінгі таңда шахмат пен дойбы ойыны логикалық ойлауды, тапқырлықты, тез шешім қабылдауды дамытатын, абстрактілі ойлау қабілетін қалыптастыратын, есте сақтау қабілетін жаттықтыратын спорт түрлерінің біріне айналды.
Шахмат ойынында ерлер арасында 1-ші орынды М. Лептюк, әйелдер арасында Л. Жабаровская иеленді. Дойбыдан ерлер арасында 1-ші орынды А. Жабаровский, әйелдер арасында Р. Шамсутдинова иеленді.
Дойбы турнирінің барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.