Құрметті оқырмандар! 2022 жылғы 17 наурызда мемлекет басшысының жаңа Қазақстанның бүгіні мен болашағын айқындайтын «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы жарияланды.
Абонементтер бөлімі кітапхананың 1-ші қабатының фойесінде «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы» атты жаңартылған көрме-ақпаратын безендірді. Жаңа Жолдауда Президент елді одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың басты бағдарларын айқындап, әділ қоғамның – жаңа Қазақстанның базалық институттары қалай құрылатынын көрсетті. Көрмеде осы құжаттың негізгі бастамалары бойынша мерзімді баспасөзден алынған материалдар ұсынылды.