14 ақпанда әдеби қонақжайда қостанайлық ақын Владимир Растегинді еске алу кеші өтті. Владимир Леонидович Растегин 2017 жылдың ақпан айында кенеттен қайтыс болды, алайда артына көптеген өлеңдер жинағын ғана емес, сонымен қатар «Ковчег», «Крылья», «Берега» секілді әдеби-көркем журналдарды қалдырды.
Іс-шараға Владимир Леонидовичпен аралас-құралас болған адамдар: Евгений Демидович, Аркадий Денисов, Татьяна Кайгородцева, Артем Шевченко, Валерий Захарьев қатысты. Олардың әрқайсы үшін осы бір тамаша тұлға туралы айтатын әңгіме жеткілікті еді: біреуі танысу тарихын есіне алды, біреуі өлең оқыды.
ZOOM платформасы арқылы іс-шараға «Крыльяның» бұрынғы мүшесі, қазір Мәскеуде тұратын және жұмыс істейтін Сергей Шевченко қосылды. Осы әдеби ұйымның байырғы өкілдерінің бірі, Қазақстаннан тыс жерде тұратын Александр Колесников кешке қатысушыларға бейнехабар жіберді.
Өзінің екі авторлық композициясын орындаған танымал қостанайлық әнші Наталья Закора іс-шараны музыкамен безендірді.