Құрметті оқырмандар!
Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Халық дәстүрі – алтын бесік» виртуалды көрмесін ұсынады.
Қазақ дәстүрлері ғасырлар бойы көшпелі өмір салтынан қалыптасып, жүздеген жылдарды артта қалдырса да жоғалмай, барлық кедергілерден өте отырып біздің заманымызға дейін жетті. Бүгінгі күні қазақ халқы өзінің салт-дәстүрін тұтастай, барлығын бірдей сақтап қала алмағанына қарамастан, көбісін есте сақтап, құрметтеуі ұлттың одан әрі дамуы үшін сөзсіз жетістік болып табылады.