Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде И.Чужинов ат. экономика және құқық институтының ұйымдастыруымен А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ «Қазақстан – қоғам ынтымақтастығының кепілі» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға профессор Б.Х. Әлшанова, профессор А. Амантаева, Л. Толстой ат. ОӘҒК абонементтер бөлімінің жаңа әдебиеттер секторының меңгерушісі Ж. Б. Абитаева және студент жастар қатысты. Кітапхана қызметкері 2014 жылы Алматыда белгілі жазушы Г. К. Бельгермен кездескені туралы айтып берді. Оның кездесу жайындағы естелігі бейнематериалмен және автор қолтаңбасымен сыйға тартқан «Все что смог» кітабын таныстырумен сүйемелденді.
#Qazaqstan30