28 қазан күні Абонементтер бөлімі ақын, журналист, аудармашы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ризамын, туғаныма адам болып...» атты әдеби кеш өткізді.
Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясында жарқын із қалдырған көрнекті ақындардың бірі. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттегі жарқын құбылысқа айналды. Қасым Рақымжанұлы өзінің таланты мен ақындық дарынының арқасында Қазақстанның сүйікті перзентіне және мақтанышына айналды. Қазақстандықтар оның шығармашылық мұрасының елімізден тыс жерлерге де таныс екенін мақтан тұтады.
Кеш қонақтары өз сөздерінде ақынның қазақ поэзиясына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, оның шығармашылығында адамға тән сезімдердің алуан түрі көрініс тапқанына тоқталды, оның аударма ісін аударма өнерінің үлгісі ретінде көрсетті. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.
Қасым Аманжоловтың шығармашылық қызметіне арналған әдебиеттер мен оның құндылығын жоғалтпаған шығармалары қойылған кітап көрмесі қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Ақынның баға жетпес мұрасы Қазақстанның тәуелсіздігі сияқты мәңгілік болмақ.