Құрметті пайдаланушылар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Облыс тынысы» жобасының оныншы шығарылымын ұсынады.
«Қостанай таңы» газетінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 118 санында еңбек адамдары – диқаншылар туралы «Диқанға мадақ» мақаласы жарық көрді. Олардың қоғамдағы рөлі аса ерекше, өйткені дастарқандағы нан басты тағам болып саналады.
Диқаншылық – ежелгі кәсіптердің бірі. Диқанның жұмысы оңай емес, бірақ оның өмірі қызықты және ерекше. Бүгінде астық өсіріп отырған ауыл шаруашылығының көптеген еңбеккерлері ата-аналарының ісін жалғастырушылар болып табылады. Оған «Туған жер» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүрген диқандар әулеті – Есімбековтер мысал бола алады. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында халқымыздың ертеңгі күнге деген сенімі нық.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=1mrEVbY_zR4