Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін маңызды оқиға.
2021 жылғы 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын арнады. Жолдауда ел басшысы ең алдымен коронавирус пандемиясының салдарын және онымен байланысты экономикалық мәселелерді еңсеруге, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған одан арғы реформалардың ауқымды және нақты жоспарын ұсынды.
Құжатта сөз болған мәселелермен таныстыру, сондай-ақ онда қозғалған бірқатар аспектілер бойынша білімді тереңдету мақсатында Әмбебап оқу залы «Президент – ұлт тірегі» бейнешолуын дайындады.
Бейнешолудың негізгі бағыты жолдаудың бірінші кезекте қазақстандықтардың ықыласына бөленген бөлімдері болды. Мемлекет басшысының жолдауына көптеген пікірлер жариялаған республикалық газеттердің мақалалары ұсынылды, онда ел дамуының алдағы жылға арналған негізгі басымдықтары баяндалып, Қазақстан азаматтарын толғандырып отырған өзекті мәселелер айтылған.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=z8SrmUMFQp8