Қазақстан Республикасының Білім беру саласының қызметкерлері қазанның әр бірінші жексенбісінде өздерінің кәсіби мерекесін – Мұғалімдер күнін атап өтеді. Халықаралық мұғалімдер күнін 1994 жылы ЮНЕСКО және Біріккен ұлттар ұйымының білім бөлімі бекітті.
Осы бір ізгілікті мамандықты таңдауға не себеп, балаларға қандай дағдылар мен білім беруге тырысады? Тарих және мемлекет пен құқық негіздері пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Марина Александровна Ленивова кәсіби мереке қарсаңында өткен сұхбат-әңгімеде осы және басқа да көптеген мәселелер туралы айтып берді.