Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Құқықтар теңдігінен мүмкіндіктер теңдігіне дейін»
03.07.2021
Құрметті оқырмандар!

Әмбебап оқу залында «Құқықтар теңдігінен мүмкіндіктер теңдігіне дейін» атты кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

Адамның аса маңызды құқықтарының бірі болып табылатын гендерлік теңдік қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде түйінді рөл атқарады. Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдікке жету үшін әлі ұзақ уақыт керек. 

Көрмеге гендерлік теңдікті сақтау аспектілері, қазіргі әлемдегі әйелдер көшбасшылығы мәселелері, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және әйелдердің мемлекеттік құрылымдарға қатысуы, Шығыс әйелдерінің эмансипациясы қарастырылған ең қызықты кітаптар, журналдардың жарияланымдары, зерттеулер мен практикалық нұсқаулықтар бар. 

Көрме жарты жыл бойы жұмыс істейді және жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылады.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ