Биыл халық жазушысы және ақын, публицист, қоғамдық-саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменовтың мерейтойы атап өтілуде. Ол 85 жасқа толады. Осы атаулы күнге орай әмбебап оқу залында «Олжас Сүлейменов – ұлт рухы және уақыт символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақтың көрнекті ақынының көп қырлы шығармашылығы туралы жүздеген мақалалар мен ғылыми еңбектер жазылды. Оның есімі елден тыс жерлерге де танымал, Олжас Сүлейменовты жер жүзі таниды деуге болады.
Көрмеге Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар мен фотосуреттер, оның мақалалары мен кітаптары, очерктері мен публицистикалық басылымдары, замандастарының, әдебиеттанушылар мен өнертанушылардың ақын шығармашылығы туралы естеліктері қойылған.