Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күніне арналған «Ізгілік пен ризашылық» бейнетаныстырылымын ұсынады. Бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы жаңа мереке.
Алғыс айту күні – тәуелсіз Қазақстанды құру жолында осындай қысқа мерзім ішінде күрделі кезеңді өте білген еліміздің әрбір азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні. Бұл қазақстандық отаншылдықты, бірлік пен достықты көрсететін күн.