Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Конституция – халықтың құқықтық мәдениетінің негізі»
10.09.2020

Әмбебап оқу залы назарларыңызға еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция – халықтың құқықтық мәдениетінің негізі» атты онлайн дөңгелек үстелін ұсынады.

Онлайн шарада еліміздің басты құжатының жасалу тарихы туралы ақпарат, сөз сөйлейтіндердің: тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті С.С.Исмаиловтың және ЧелМУ Қостанай филиалының құқық кафедрасының профессоры Р.Ғ.Нұрмағамбетовтың баяндамалары қойылған, бейнероликтер көрсетілген. 

Аталған айтулы күнге орай Әмбебап оқу залында «Ата заң – елдік пен тұрақтылық тірегі» көрмесі ұйымдастырылған.

 Пайдаланушылар назарына Ж. О. Артықбаевтың «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші» кітабының,заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі С.С. Сартаевтың және заң ғылымдарының кандидаты Л.Т. Назарқұлованың «Становление Конституции Республики Казахстан» монографиясының,     жерлесіміз,  журналист, тарих ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдардың докторы, профессор  С.Харченконың «Казахстан: от суверенитета к мировой конкурентоспособности» басылымының шолуы ұсынылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=q1dfPquUns0


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ