Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» виртуалды көрмесін ұсынады. Ол 1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтық референдум арқылы қабылданды және Қазақстан Республикасын адамды, оның өмірін, құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп мойындайтын зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде бекітті.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=Rjx8xt6N91s