"Домбыра – бұл таза ұлттық аспап... Оның дыбысы өте керемет. Ол Қазақстанның байтақ даласы туралы, қалаларымыз туралы, бабаларымыз бен тарихымыз туралы әңгімелейді..."
Н. Назарбаев
Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға «Ұлы ұлттың баласы, ұлықта домбыраңды» бейнешолуын ұсынады. Домбыра – жай ғана қазақтың музыкалық аспабы емес, ол ұлттық игілік, қазақтардың музыкалық мәдениетінің белгісі, елдің басты брендтерінің бірі.
Аты
аңызға айналған бұл аспапқа жеке мереке тағайындау идеясын еліміздің бірінші
Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынды. Бұл жайындағы тиісті жарлыққа ол 2018 жылдың маусымында қол қойды. Бұл
құжатқа сәйкес Домбыра күні Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде аталып
өтіледі.
Мерекенің мақсаты –
қазақтың ұлттық музыкалық аспабын жұртқа таныту арқылы қоғамды ұлттық мәдениет
пен ерекшелікті сақтау және жаңғырту идеясы айналасында одан әрі
біріктіру.