Қазақстан Республикасы аумақтарын кешенді дамыту стандарты
85.118ц
Қ 18
Қазақстан Республикасы аумақтарын кешенді дамыту стандарты
[Мәтін] . 1-каталог : Ашық кеңістіктердің элементтері мен
тораптарының каталогы / [ауд. Алдабердықызы А. [т. б.] ; ред.
Абдранова А. Н., Күзембаева А. Т. ; графикалық ред. Байток Н. Г.]. – Астана : KANTAI, 2023. – 450 б. : сурет.
Қазақстан Республикасы аумақтарын кешенді дамыту стандарты – бұл тұрғындардың қажеттіліктері мен сұраныстарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстандағы қалалардың дамуының жеке ерекшеліктерін және қалалық ортаны қалыптастыру мен жаңарту саласындағы үздік халықаралық тәжірибені ескеретін, тұрғын үй және көп функционалдық құрылыс аумақтарын қалыптастыру мен дамытудың негізгі тәсілдерін айқындайтын әдістемелік құжат.
Стандарт қалалық аумақтардың кеңістіктік дамуының түрлі салаларын қамтиды: бос учаскелерде жаңа құрылысты қалыптастыру, қолданыстағы құрылыс аумақтарын өзгерту, ашық қалалық кеңістіктерді абаттандыру. Стандарттың ұсынымдары әртүрлі көлемдегі қалалардың әкімшілік шекараларында, сол сияқты Қазақстанның басқа елді мекендерінің (ауылдық елді мекендердің) аумағында қолданылуы мүмкін.
Стандарт кітаптары кең аудиторияға: тұрғындарға, жобалаушыларға, девелоперлерге, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне арналған.