75.3
Д 87
Дүйсебай, Д. Қазақ спорты [Мәтін] : ой-шежіре / Д. Дүйсебай. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2021. – 368 б.
Бүгінде жарыққа шыққанына 60 жылдан асқан «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы (маркұм) Дүрәлі Дүйсебайдың қазақ спортына қосқан еңбегі ұшан-теңіз. Адамгершілігі өте зор, қарапайым да елгезектігі кімге болса да өнеге болғандай. Алдыға қойған мақсаты, арманы да көп еді... Әттең дейміз. Төтеден келген «тажал» асыл азаматты мезгілінен бұрын алып кетті. Ол қазақ спорты журналистикасының атасы Сейдахмет Бердіқұловтың төл шәкірті болатын. Қолдарыңыздағы еңбек Дүрәлінің жылдар бойы жинап жүрген шығармашылық жұмысының бір бөлшегі. Мұнда спортшы жастар туралы, қазақ спортының сан қырлы толғақты мәселелері кеңінен көтеріледі. Кәсіби маман, білікті спорт журналисі ретінде қазақ спортының даму, өркендеу жолдарына тоқталып, өзіндік ой-пікірлерімен бөліседі. Тілі жатық, қарапайым, тартымды оқылады.