83.3(5Қаз)5
А 13
Абай және қазақ социумы [Мәтін] . Т. 2 / [ред. алқасы: Е. Сыдықов [т. б.] ; Еуразия ұлттық ун-ті ; «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу ин-ты. – Нұр-Сұлтан : Алашорда, 2020. – 406 б. – (Абай академиясы).
175 жыл. Абай Құнанбайұлының мерейтойы
«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу ин-тының жобасы
Кітап ұлы Абай өмір сүрген қоғамның шындығын танытуға бағытталған зерттеулерден тұрады. Абайдың ел басқару ісі, қоғамдағы билік өкілі ретіндегі қызметі туралы танымдық пайымдаулар, ұлт тарихындағы ұлы ойшылдар үндестігі, ақын өлеңдерінің қолжазбасын мәтіндік талдау, ұлттық баспасөз тарихы, қазақ зиялы қауымының қалыптасуындағы Абайдың рөлі, кемеңгер ақынның гуманистік идеясы туралы ой-пікірлер кітап мазмұнын айқындайды. Сондай-ақ ұлт тағдыры, отаршылдық саясат құрсауындағы қазақ халқының халі, қазақ шежіресі жайындағы зерделеулер де қамтылған.
Кітап әдебиетші қауымға, жалпы оқырманға арналған.