81.632.4я2
Қ 17
Қазақ тілінің жиілік сөздігі [Мәтін] / А. Қ. Жұбанов [т. б.]. – Алматы : Қазақ тілі, 2016. - 792 б.
Ұсынылып отырған «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» қазақ тілі лексикасының статистикалық құрылымын анықтауға арналған. Сөздік әліпбилі-жиілік, жиілікті-әліпбилі, кері-әліпбилі сөздік деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Сөздік құрастыруға алынған мәтін көлемі 2102496 сөзқолданысты қамтиды, сөзтізбе саны - 30515 сөз.
Сөздік морфологиялық, фонетикалық дублет сөздердің қазақ тілінде қандай нұсқаларының жиі не сирек екендігін сөздіктен толық анықтап, тілдегі жарыспалы сөздердің (дублеттердің) белгілі бір нұсқасын әдеби норма етіп алуға үлкен көмегін тигізеді. Жалпы халықтық лексиканың, неологизмдердің және басқа лексикалық топтардың тілдің жалпы жүйесінен алатын орны жөнінде көптеген мәлімет алуға болады.
Жалпы тіл біліміне қатысты басқа да бірнеше теориялық мәселелердің бетін ашуға, қазақ тілінің ерекшеліктерін анықтап, түсіндірме сөздігін жасауға септігін тигізеді. Жиілік сөздік көптеген лексикографиялық мәселелерді шешуге де объективті негіз бола алады. Қазақ тілінін лексикалық байлығы мен стильдік ерекшелігін, сөз қолдану шеберлігін анықтауға және типологиялық зерттеулер жүргізу үшін де аса қажетті материал береді деуге болады.
«Қазақ тілінің жиілік сөздігі» тілдің статистикалық құрылымын зерттеуші тілші-филологтарға, Phd докторанттар мен магистранттарға, жоғары оқу орындарының филология мамандығындағы студенттерге арналған.