82.3(5Қаз)
А 40
Алдар Көсе мен Қожанасыр хикаялары [Мәтін] / [құраст. А. Құлбаев]. – Алматы : Балауса, 2018. - 192 б.
«Алдаркөсе былай депті», «Әй, Алдаркөсешілеп кеттің-ау», «Өй, өзің де бір Қожанасыр екенсің ғой», «Қожанасырлығым ұстап» деген астарлы сөздердің түп төркіні, мағынасы баршамызға аян. Қос әзілкештің аңқау, алаңғасар мінездері, қиқар қылықтары, ащы тілдері, ұтқыр жауаптары, зілсіз әзіл-қалжыңдары тіпті күллі әлемге танымал.
Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізіліп отыр. Кітап жеткіншектер үшін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылды.