Жеменей, И. Мылтықсыз майдан – ұлт тағдыры
66.3(5Қаз),5
Ж 44
Жеменей, И.
Мылтықсыз майдан – ұлт тағдыры [Мәтін] : 1991–2022 жылдар
аралығында тіл, дін, ұлт, ұлттық саясат жайында жарық көрген
мақалалар мен сұхбаттар жинағы / И. Жеменей ; [материалдарды жинақтаған : Қ. Құралов, Г. Дүйсенбай]. – Алматы : Дарын, 2023. – 432 б.
Бұл жинақ шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейдің 1991 жылдан бастап биыл, яғни 2022 жылдың соңына дейінгі қазақтың тарихы, ұлттық құндылықтары және тілі жайында бүгіні мен ертеңіне талдау жасап жариялаған сұхбаттары мен мақалаларын қамтыған жинағы. Ислам Жеменей 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шақыруымен шығыстану факультетінде доцент болып жұмысқа кірісті. Сол жылдан бері оқытушы, зерттеуші ғалым және қоғам, мәдениет қайраткері ретінде еліне елеулі үлес қосып келеді. Ол ешқашан қазақтың тілі мен мәдени-рухани құндылықтарына бейжай қарамай, еліміздің елдігіне мүдделі «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Заң», «Шалқар», «Президент және халық», «Қазақ», «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Ақжол», «Оңтүстік Қазақстан», «Жас алаш», «Жас қазақ», «Қазақ үні», «Алтынорда», «Төртінші билік» газеттері мен «Парасат», «Жалын», «Мәдениет», «Самұрық», «Мәдени мұра», «Таңшолпан», «Жұлдыз» сынды тағы басқа көптеген басылымдарда мақалалары мен сұхбаттары жарияланды. Автор ұлттық мүддеге сай бүгінгі күнге дейін өз ойлары мен көзқарастарын жазып, айтып жалғастырып келеді. Өйткені ол елінің ұлттық және мемлекеттік мүддесіне ат үсті қарай алатын жан емес. Сондықтан Ислам Жеменейдің осы жылдары жазған жүздеген мақалалары мен сұхбаттарын тек қана ұлттық – мемлекеттік мәселеде жаңа буынға таным мен пайымдық құндылықтар бере алатын жазбаларын жинақтап жариялауды жөн көрдік. Біз бұл жинақ қазақтың жаңа буынының тарихи-ұлттық санасы мен саяси психологиясына болымды оң ықпалы болатынына сенеміз.
Бұл жинақ қазақтың саяси тарихы, түркілік-исламдық кеңістігі, саяси психологиясын зерделегісі келетін оқырманның, сонымен қатар қазақ тілін, оның құндылықтарын және диаспорасын зерттеуші һәм жақтаушы әр қазаққа берері мол екендігіне сенеміз.